Ақтауда кәмелеттік жасқа толмаған қыз 4 шағынаудандағы алтыншы үйдің жетінші қабатынан құлап, қайтыс болған, деп хабарлайды Today.kz жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Оқыс оқиға кеше кешке болған. Оқиға туралы жедел жәрдемге тұрғын үй маңынан өтіп бара жатқан азамат сағат 19:40-та хабарласқан. Алайда жедел жәрдем жеткенше жасөспірім жан тапсырған. Қыздың өзі аталған мекенжайда тұрмайды екен. Ал өзі құлаған 7 қабаттан қыздың ұялы телефоны табылды.
Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Қазір полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің тұрғындарынан түсініктеме алып жатыр.