Ақтауда жастар егемендiктi ұран еткен Желтоқсан қаһармандарымен кездестi - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жастар егемендiктi ұран еткен Желтоқсан қаһармандарымен кездестi

Ақтауда жастар егемендiктi ұран еткен Желтоқсан қаһармандарымен кездестi

Мереке қарсаңында Ақтауда қалалық әкімдіктің қолдауымен, «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 533
Фото - Caravan.kz


«Желтоқсан мен Тәуелсіздік — егіз ұғым» атты мерекелік іс шара өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Шара барысында желтоқсан оқиғасына байланысты бейнебаяндар көрсетілді және Ақтау қаласының тұрғыны, желтоқсан қаһарманы, Бауыржан Момышұлы батыр шапағатының иегері Айша Айтжанова, «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігінің төрағасы Тоқтар Ажигулов, «Желтоқсан ақиқаты» бірлестігі төрағасының орынбасары Маржан Есентұрлиева сөз сөйлеп, 1986 жылдың желтоқсан айы кезіндегі қазақ жастарының ерліктері жайлы әңгімелеп берді. 
Желтоқсаншылар сол ызғарлы күні алаңға шығып, елінің тағдыры үшін жанын шүберекке түйген замандастары мен Желтоқсан құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алды. 
Шара соңында Ерманов Қанат, Арленов Асанали, Қосбергенов Жақып есімді азаматтар «Желтоқсан ардагері» атты төс белгісімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар