Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде келіншекті қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде келіншекті қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде келіншекті қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Ақтау полициясы жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісін іздеcтіруде.

  • 27 Қаңтар 2020
  • 47
Фото - Caravan.kz

Зардап шегуші түрлі жарақаттармен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 27 қаңтарда, шамамен сағат 08:40 шамасында, полиция бөлімшесінің жанында 12 мен 13 шағын аудандар арасындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін көліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

— Қазіргі уақытта Ақтау қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция батальоны мен жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі жол-көлік оқиғасына себепкер көлік жүргізушісін іздеп жатыр. Оған қандай бап бойынша іс қозғалатыны көлік жүргізушісі қамауға алынғаннан кейін белгілі болады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 28 жастағы әйел облыстық ауруханаға жатқызылды.


«Жәбірленушінің басы жабық бас сүйек-ми жарақаттанған, оң аяғының ортаңғы үштен бір бөлігі сынған», — деді Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Окуов.