Ақтауда жезөкшелер орталық саябақта тәнін саудалап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жезөкшелер орталық саябақта тәнін саудалап жүр

Ақтауда жезөкшелер орталық саябақта тәнін саудалап жүр

Ақтауда көше бойын жағалайтын жезөкшелер енді күндіз тұрғындар демалатын орталық саябақта тұрып тәнін саудалауға көшкен. Бұл жәйт бала-шағасымен серуендеуге шыққан қалалықтардың ызасын туғызуда. Ал көше бойын жезөкшелерден тазартуға полияция да, жергілікті билік те қауқарсыз.

  • 8 Маусым 2011
  • 729
Фото - Caravan.kz

 «Жезөкше» деген жиіркенішті аттан қаймықпайтын қыздарға әзірге «әй»дейтін әже, «қой»дейтін қожа табылмай тұр. Олар енді шаһардағы орталық бақта тұрып,тәнін саудалайтын болған. 

Жадыра Сәуерова, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Балаларымыз да осы жерде ойнайды, олар да осы жерде жүреді.

Полицияның да қатарынан өтіп бара жатқанын көрем. Бірақ ешбіреуі қарсылық көрсетіп,болмайды деген емес.

Тұрғын түгілі органдағылардың да қауқары жетпей отырған бұл жәйт мүлдем шектен шығып барады. Полиция жезөкшелерді бұл жерден қуып жіберуге тырыспайтын көрінеді. «Оларға айта-айта ауыз, жаза-жаза қолымыз талды дейді» -ашынған ақтаулықтар.

Татьяна Хомутецкая, Ақтау қаласының тұрғыны:

Күніге тереземнің алдында болып жатқан жағдайды ақылға сыйғызуға болмайды. Қаланың қақ ортасындамыз ғой. Шет жағында тұрсақ,басқа әңгіме. Мәселен, өткен түнде тіптен ұйықтай алмадым. Шулаған көліктер, боқтық сөздер. Тәртіпті реттейтін сақшылар қайда қарап жүр?

Людмила Кулешова, Ақтау қаласының тұрғыны:


— Бірнеше рет арыздандық, барлық құзырлы органдарға.
Ешқайсысы селт етпейді. Біздің ойымызша, бұл жезөкшелерді сол полицейлер немесе прокуратура қолдап отырған сыңайлы.

Алдәл осыған жауапты қалалық Ішкі істер басқармасындағылар болса,шарасыз екендігін айтады. Заң шикі, сондықтан жезөкшелерді жүгендеуге қауқар жоқтығын ашық мойындады. 

Айша Қаленова, Ақтау қалалық ІІБ баспасөз қызметінің бастығы:

— Әрине, келешекте басқа жағдайларын қарастырып, бір үлкен жағдай жасалып, осы кісілердің жолын кесетіндей шешімге келсек, өзімізге де жақсы болар еді. Әзірге біздің мүмкіндігіміз жоқ.

Түнгі көбелек кейпінен күндізгіге ауысқан арсыз қыздар енді шаңқай түсте орталық саябақта алаңсыз тәнін саудалап жүр. Себеп: «тәйт» дейтіндер табылмай тұр. Кішкентай бүлдіршіндер бұл көргенсіздікті көрмесе екен деп,ата-аналар балаларын бағып отырады. Өйткені басқа амал қалмады. Әзірге күндізгі көбелектер ешкімнен қымсынар емес.

Соңғы жаңалықтар