Бұл көрініс ықшам аудандардың бірінде түсірілген. Бір адам темір доңғалаққа отырып, екіншісі соны ары-бері сүйретіп тас жол таптағандарына қарағанда компания техикадан жұрдай болса керек. Әңгүдік тәсілмен нығыздалған жолдың сапасы туралы сөз қозғаудың өзі артық. Дегенмен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашалығы басшысы жұмысшыларды танымайтындарын айтып отыр. Тіпті, мердігер компания да оларды білмейтін болып шықты. Сонда кімдердің өздігінен ой-шұқыр жолды тегістеп жүргендері түсініксіз.