Ақтауда жолаушылар автобусы мен бірнеше көлік соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жолаушылар автобусы мен бірнеше көлік соқтығысты

Ақтауда жолаушылар автобусы мен бірнеше көлік соқтығысты

Бүгін Ақтауда Маңғышлақ стансасындағы жол қиылысында таңертеңгі сағат 9-дар шамасында төрт көлік соқтығысқан жол апаты орын алды.

  • 21 Қазан 2015
  • 518
Фото - Caravan.kz

lada.kz хабарлағандай, КIA Rio, ВАЗ-2106, ВАЗ-21099 маркалы төрт көлік пен №105 ПАЗ автобусы соқтығысты. Автобус жолаушылармен маршрут бойынша келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-21099  жүргізушісі жүріп келе жатқан автобус пен КIA Rio жеңіл көлігінің жолын кескен.

Апат орнына полиция қызметкерлері мен медициналық көмек келді. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жауап беруден бас тартты.

Оқиғаның мән-жайын тергеу бөлімінің қызметкерлері анықтайды.


ДТП ДТП ДТП

Соңғы жаңалықтар