Caravan Logo

Ақтауда жүк контейнері жарылып бір адам зардап шекті

Ақтауда жүк контейнері жарылып бір адам зардап шекті

Болжам бойынша, жарылыс газдың таралуынан болыпты. Таңертең қожайыны шәйханаға келіп, жарықты қосқанда атылып кеткен. Жарылыстың күшті болғаны сонша, 100 метр жердегі ғимараттың әйнектерін шағып тастады. Ал контейнердің есігі 70 метр жерден табылды. Зардап шеккен ер азаматтың беті мен кеудесі күйіп қалған. Сондай-ақ басынан жарақат алып, бел омырқасы мен аяғы сынған науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Жансерік Шауқымбердиев, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі: 

-Жағдайы ауыр. Қазір қажетті ем шаралар жүргізіліп жатыр. Басына компьютерлік томография жасалды, нейрохирург, хирург, реаниматолог дәрігерлерімен реанимацияда бақыланады.

Loading...