Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.
Олардың қолында гүл мен ойыншықтар бар. Рәсімнен соң қыздың денесін шіркеуге апарып, кейін христинадық жолмен жерлейді.
Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға 20 тамыз күні болған. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.
6 жастағы қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған болатын. Сөйтсе, педофил бүлдіршінге ойына келгенін істепті. Көп ұзамай азғын да тұсталып, қамауға алынды. Ол 32 жастағы Ақтау тұрғыны.
Екі айдан астам уақыт өмірі үшін арпалысып жатқан Викторияны шетелдік мамандар емдеуден бас тартты.
Дәрігерлер Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың өлімі туралы айтып берді.