Ақтаудағы бір жасар сәбидің өліміне қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы бір жасар сәбидің өліміне қатысты тың дерек шықты

Ақтаудағы бір жасар сәбидің өліміне қатысты тың дерек шықты

6 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы 27-ші шағын аудандағы жекеменшік балабақшада сәбидің көз жұмғаны хабарланған болатын

  • 9 Желтоқсан 2019
  • 52
Фото - Caravan.kz

Әйел өзінің үйінде бала бағып, ақша тапқан. Алайда пәтерін жекеменшік балабақша ретінде тіркемепті. Бұл ақпаратпен қалалық білім бөлімі бөлісті, деп хабарлайды Lada.kz.

Бала бағушы үш бөлмелі үйде күйеуі және бес баласымен бірге тұрады.

Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, әйелдің пәтері жекеменшік балабақша ретінде тіркелмеген.

"Әйел бірнеше ата-ананың сұрауымен балаларды күткен. 6 желтоқсан күні көз жұмған баладан басқа тағы екі балаға қараған", — деп хабарлады қалалық білім бөлімінде.


Еске сала кетсек, 6 желтоқсан күні Ақтауда бір жасар сәби көз жұмған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар