Ақтаудағы көптеген дүкенде қант жоқ! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы көптеген дүкенде қант жоқ!

Ақтаудағы көптеген дүкенде қант жоқ!

Ақтаудағы көптеген дүкендерде қант жоқ. Бар болған күннің өзінде қымбатқа сатылып жатыр. Баға 180 теңгеден 250 теңгеге бір-ақ көтерілген. Онда да әр адамға 2 келіден артық алуға болмайды. Бұл азықтың  тапшылығын билік өкілдері де мойындап отыр. Айтуларынша, аймаққа Ресейден қант тасымалдайтын компания теңгенің құнсыздануына байланысты көтерме бағаны қоя алмай отырған көрінеді.   

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Ақтауда қанттың тапшылығы осыдан 2 апта бұрын сезіле бастады. Делдалдар құмшекерді алдымен базарларға жеткізуді доғарған. Артынша тауарды осы базардан алатын қала ішіндегі шағын дүкендерде қант құрыпты.   

Бұл – Ақтаудағы көтерме сауда базары. Бүкіл қала мен облыстың саудагерлері тауарды осы жерден алып кетеді. Алайда мұндағылар да қанттың қат болып тұрғанын айтады. Қазір қала бойынша құмшекерді тек ірі супермаркеттерден табуға болады. Онда да әр адамға 2 келіден артық сатылмайды. Баға да 180-теңгеден 250-теңгеге бір-ақ көтерілген.  

Тимур Қожаниязов, сатушы:

— 185-тен болғанда 25-кг 4600 теңге еді. Қазір 5500 теңге сахар примерно. Бәрі қымбаттап жатыр қазір. Қант жоқ қазір. Біз заказ бердік фирмаға келген жоқ. Бермейді. Әдейі сахар бағасы тағы да көтеріледі деп сатпай отырғандар бар.

Жергілікті билік өңірде қанттың тапшы екенін мойындап отыр. Қордағы 27 тонна шекерді үнемдеп сатқанның өзінде 1-ақ аптаға жетеді екен. Ал әлеуметтік дүкендердегі қанттың қоры тіпті 1 тоннаға жетпейді. Монополист «Орталық Азия Қант Корпорациясы» болса, қолда бар шекерді теңгенің тұрақсыздануына байланысты бермей отырған көрінеді.

Бекғали Жұбанов, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:

— Олар курстың ауысуына байланысты көтерме бағасын құра алмай отыр. Сондықтан олар уақытша ұстап тұр. Доллар курсы тұрақталған соң жібереміз деп айтып отыр.

Жеткізушілер ойланып-толғанып отырғанда Қазақстанның өзге аймақтары да қант тапшылығын сезіне бастады. Құны да тұрақсызданып тұр.

Мәселен: Ақтөбеде 1 келі қанттың бағасы – 180 теңге болса, Шымкентте – 200, Семейде – 210, Қарағандыда – 240 теңге.

Ақтауда шекердің құны 250 теңгеден де көтеріледі деген болжам бар. Бірақ бұл уақытша құбылыс дейді билік өкілдері. Келесі аптада облысқа 2 вагон қант келеді. Баға сол кезде бір-ақ тұрақталып, шекердің 1 келісі 180 теңгеден сатылмақ.

Соңғы жаңалықтар