Ақтаудағы күзет полициясының қызметкерлері сейф ұрлап алып, канализациялық люкте жасырынып жүрген тонаушыларды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы күзет полициясының қызметкерлері сейф ұрлап алып, канализациялық люкте жасырынып жүрген тонаушыларды ұстады

Ақтаудағы күзет полициясының қызметкерлері сейф ұрлап алып, канализациялық люкте жасырынып жүрген тонаушыларды ұстады

Ақтау қалалық ішкі істер бөлімі күзет қызметінің үш сержанты сейф ұрлап алып, канализациялық люкте жасырынып жүрген тонаушыларды ұстады. Полиция бөлімшесіне әкеліп тексерген кезде сейфтен 21 мың АҚШ доллары мен 40 мың теңгенің алтын бұйымдары шықты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Ақпан 2004
  • 891
Фото - Caravan.kz

Соңынан белгілі болғанындай, әлгілер бір тонаушының көршісінің үйінен компьютер, бейнемагнитофон, фотоаппарат тәрізді тұрмыстық техниканы түгелдей тонап шыққан. Соңынан бұл олжасы да аздау көрінген сыңайлы, үйге қайтадан бас сұққан әлгілер сейфті үптемек болады. Ақыры ашылмаған сейфті тонаушылар өздерімен бірге ала кеткен.

Ұсталған Ақтау тұрғындары қазір уақытша тергеу қапасында отыр. Оларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктелуі мүмкін.
Сефтен шыққан дүниелер кешікпей иесіне қайтарылады. Дүниесі табылған әйел алғыс ретінде сержанттардың әрқайсысына 30 мың теңгеден сыйлық тағайындауға уәде берді. Ал облыстық ІІБ-ның бастығы болса, көзге түскен сержанттарға бұйрық негізінде салтанатты жағдайда тағы да 30 мың теңгеден ынталандыру сыйлығын табыс етіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар