Соңғы екі апта бойы облыста сынап бағанасы 0 градустан көтерілмей тұр. Осы уақыт ішінде департамент қызметкерлері қаладағы 12 мектептегі сыныптарда 456 мәрте температура өлшеу нәтижесінде 430 өлшем қорытындысы нормаға сәйкеспейтінін анықтады. Тексерілген білім ошақтарының 92,5 процентінде жылу тәртібі сақталмайтын болып шықты.
Сыныптардағы орташа температура 10-12 градусты құрайды. Соның салдарынан тыныс жолдарының күрделі қабынуына шалдыққандар саны күн өткен сайын арта түсуде. Осындай жағдайға байланысты білім беру бөлімі бастауыш сыныптардағы сабақ санын 4-ке, үлкен сыныптардағы сабақ санын 5-ке дейін азайтып, сабақ уақытын 30 минутқа дейін қысқартты.
Ақтау қаласының әкімі Рашит Мұстафаев жиналыста білім ошақтары жетекшілерінің қысқа әзірлік жұмысын қатты сынады.