Көшенің атын өзгерту туралы бастаманы «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі мен облыстық Отан соғысы ардагерлерінің кеңесі көтерген. Бастаманы қала әкімі қолдады. Қоғам өкілдерінің пікірінше, Ақтаудағы орталық көшеге бұл есімді беру арқылы қала тұрғындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз халқының алдындағы қызметіне баға беріп отыр. Қала тұрғындарының пайымдауынша, мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан туралы және республикамыздың теңізге шығар қақпасы болып табылатын Ақтау қаласы туралы дүниежүзі хабардар болды.