Ақтаудағы орталық көшеге Қазақстан Республикасы президентінің даңғылы деген атау берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы орталық көшеге Қазақстан Республикасы президентінің даңғылы деген атау берілді

Ақтаудағы орталық көшеге Қазақстан Республикасы президентінің даңғылы деген атау берілді

Ақтаудағы бұған дейін Ленин атымен аталған орталық көшеге Қазақстан Республикасы президентінің даңғылы деген атау берілді. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бұл шешім туралы Ақтау қаласының әкімі Серік Оспанов хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 632
Фото - Caravan.kz

Көшенің атын өзгерту туралы бастаманы «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі мен облыстық Отан соғысы ардагерлерінің кеңесі көтерген. Бастаманы қала әкімі қолдады. Қоғам өкілдерінің пікірінше, Ақтаудағы орталық көшеге бұл есімді беру арқылы қала тұрғындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз халқының алдындағы қызметіне баға беріп отыр. Қала тұрғындарының пайымдауынша, мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан туралы және республикамыздың теңізге шығар қақпасы болып табылатын Ақтау қаласы туралы дүниежүзі хабардар болды.

Соңғы жаңалықтар