Ақтаудағы зәулім үй иелері коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы зәулім үй иелері коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай жүр

Ақтаудағы зәулім үй иелері коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай жүр

Ақтаудағы зәулім үйлердің иелері коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай жүр. Әрқайсысының тек жарыққа берешегі миллиондап саналады. Қарызды оңай қайта алмасын түсінген энергетиктер бұл үйлерді шетінен тоқтан ажыратып жатыр.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz


Каспий жағалауында орын тепкен мына коттеджді қалашықта 160 үй бар. Шетінен кәсіпкерлер тұратын ауданның тең жартысы электр жарығы үшін қарыз. Көбі коммуналдық төлем жасау сияқты ұсақ-түйек мәселелермен жүруге уақыт жоқ деп түсіндіреді. Енді бірі уақытша ақшадан қысылып отырғандарын айтуда. Бұндай сылтауды тыңдаудан шаршаған энергетиктер, 50 мың теңгеден артық берешегі бар тұрғындардың барлығын жаппай электр қуатынан ажырата бастады.