Caravan Logo

Ақтауға геройнді құбыр арқылы алып өтпек болғандар ұсталды

Ақтауға геройнді құбыр арқылы  алып өтпек болғандар ұсталды

Тіс қаққан есірткі тасушылар құбырларды цементтен жұқа етіп құйып, пакеттерге кесектеп салған героинді ішіне жасырыпты. Ары-бері қозғалып, шашылып кетпес үшін тіпті көбікпен қатырып тастаған. Күдіктілер есірткіні күнделікті тұтыну тауарларымен бірге жүк көлігіне тиеп, Түркиядан алып келе жатыр екен. Паром Ақтау портына келгенде, экономикалық тергеу қызметі олардың жолын кесті. Героиннің жалпы салмағы 120 келіге жуық. Оның қара нарықтағы бағасы 2 миллиард теңгеден асады.

Loading...