Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Ел арасында «пластилин» бала атанып кеткен Азамат Нұрқожа қазір өздігінен жаттығады. Әзірге Ақтау қаласында оның қабілетін ашып, мүмкіндігін жетілдіретін бірде бір арнайы спорт орталықтары жоқ болып шықты. Бұл жайлы Caravan.kz тілшісіне толығырақ Азаматтың анасы Жанна Байбозова айтып берді.
— Буынсыз бала Азамат неше жасынан осындай қабілетке ие болды?
— Азамат қазір 9 жаста. Өзінің негізі 1 жас 7 ай шамасында аяғы шықты. Басқа балалар 1 жасында жүрсе, ол кеш жүрді. Сол кездің өзінде елдер «мына баланың денесі боп-бос, былқылдақ. Қыз сияқты нәзік» деп айтатын. Көтеріп жүргенде аяқ-қолы былқылдап жүретін. Дәрігерлер массаж алу керек дейтін. Бірақ массаж алынған жоқ, сол күйі кеті.
— Ал қазір өзі қайда, қалай жаттығады?
— Еш жерде жаттықпайды. Ақтауда ер балаларды дайындайтын орталық жоқ. Цирк алаңы жоқ. Гимнастикамен айналысатын орындарда тек қыздарды ғана дайындайды. Азамата кішкентай кезінен өзі шпагатқа отыратын аяқ-қолдарын қозғалтып. Сосын 5 жасында бір күні ас үйге кіріп қалсам аяғын мойнына қойып отыр. Қорқып кеттім. Аяғың ауырып қалады, түсірңп қой деп айтып жүрдік. Кейін кішкене көзіміз үйренген соң өзіміз қызығып кеттік. Былай істеп көрші деп сынап көрдік. Сосын үйреншікті болып кеткен соң қыздырынбай-ақ өзі жасай беретін болды кез келген уақыттта.
— Айдос Тоқтарбаевты бұрынан білесіздер ме?
— Жоқ. Сөйтіп жүргенде телевизордан Айдос Тоқтарбаев деген жігітті жәшікке кіріп жатқанын көрдік. Бізде солай істей алады екенбіз ғой деп қайталай бастадық .Сосын соның трюктарын ютубтан іздедік. Сол арқылы Азамат көп нәрсе үйреніп, көп жаттығу жасай бастады.Алты жасынан бастап апара бастадық орталықтарға. Ұлдарды дайындамаймыз деп еш жер қабылдамайды. Содан бері өзіміз үйден дайындаймыз. Қазір 4 сынып оқиды. Жақында «Бала шабыты» фестиваліне барып екінші орын алдық.
— Олар өздері шақырды ма?
— Иә, мен Азаматтың суреттерін әлеуметтік желіге салғанмын. Содан көріп өнер көрсетсін деп шақырды. Ол өзі домбыра да тартады. Екі номинция бойынша қатысты.
— Трюктарды қыздырынбай жасайды деп жатырсыз, ол қауіпті емес пе?
— Жоқ қауіпті емес. Өзі еш жерім ауырмайды дейді. Кез келген уақытта жасап отырады. Сабақ оқып отырса да, домбыра тартып отырса да, телевизор көріп отырса да аяғын мойнына қойып, түрлі қимыл жасап отыра береді.
— Айдос Тоқтарбаевтың өзімен жолықтыңыздар ма?
— Ол кісі 2016 жылы инстаграммнан Азаматтың суреттерін көріп, өзі жазыпты. Азамат нешеде, қай жерде оқиды деп. Кейін Алматыға шақырды. Бірақ біз алдында барып келгендіктен екінші мәрте бара алмадық. Кейін ол кісі Маңғыстауға барсам келімін деді. Бірақ білмедім жолы түспеді ме, әйтеуір жолыға алмай жүрміз.
— Тойларға шығып өнер көрсетіп жүрген жоқ па?
— Тойларға шықпайды. Оған өзіміз шығарғымыз да келмейді. Көз бар, тіл бар дегендей. Тек қана өзі сол Айдос ағасымен кездесем, көрсетем деп армандайды. Бұған қоса сабағы бар, күй бар, тойға шығуға уақыты да болмайды. Ұсыныстар көп түседі. Кейде бала тойларға шығады. Бірақ бәрібір өзіміздің жақындарымызға да өйтіп өнер көрсетуге апармаймыз.
— Таң қалатындар көп пе?
— Иә, көп адам таң қалып жатады. Кей жерде автобуста отырса да, өткенде, мысалы Астанаға барғанда ұшақта өзі ұйқысы келіп, аяғын мойына қойып отырып ұйықтады. Аяғымды жинап отырғым келеді дейді. Ел көріп мына баланың отырысы қызық екен деп, сұрап, танысып, суретке түсіріп, таң қалды.