Жарияланды: 440

Ақтаулық тұрғынды қатігездікпен өлтірген қос сарбазға қатысты сот үкімі шықты

Ақтаулық тұрғынды аяусыз ұрып соғып өлтірген қос сарбазға қатысты сот үкімі шықты. Екеуі де осы өңірдегі №25/744 теңіз жаяу әскер бригадасында келісім-шарт бойынша қызмет істеп жүрген. Енді жас жігіттер біраз жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Біреуі - 8жыл 6 ай, екіншісі - 7жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Оқиға былтыр қыркүйекте болған. Келісім-шарт бойынша қызмет еткен Әлібек Шындақұлов түнгі үштердің шамасында  ақтаулық Махаббат Әбішевпен сөзге келіспей қалған; ейрамханада тойлатып отырған әріптестеріне телефон соғып, дереу көмекке келуін сұраған. Жаға жыртысуға жақсылап «дайындалып»келген сарбаздар бірден әлгі жігітті тепкінің астына алыпты. Әсіресе оқиғаның себепшісі Әлібек Шындақұлов пен досы Ерсұлтан Әулетов екеуі жәбірленушіні асқан қатыгездікпен соққан көрінеді. Мұнымен қоймай,қаза болған жігіттің қалта телефонын да ұрлап кеткен. Сарбаздардың оқиға кезінде мас болғаны да дәлелденді. Жапа шеккен Махаббат Әбішев екі ай ауруханада ес түзсіз жатып көз жұмды. Артында екі баласы мен жұбайы қалды. Соттың шешімімен келіспеген туыстары қайта шағым түсіретінін айтады.

Эльвира Домбаева, Махаббат Әбішевтың жесірі:

-  Оларды кешіре алмаймын. Жолдасымның екі ай бойы жан сақтау бөлімінде қалай қиналғанын көрсеңіз....тілге де келмей көз жұмды.... Оңдыртпай ұрған. Бұларды өмір бойы түрмеге қамаса да артық емес.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть