Ақтаулық зейнеткер ерекше коллекция жинаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаулық зейнеткер ерекше коллекция жинаған

Ақтаулық зейнеткер ерекше коллекция жинаған

Ақтауда ерекше коллекция иесі тұрады. Валентин Гура жастайынан арақ -шарап пен әр түрлі сусынды жинағанды қош көреді. Ойыншық көліктерге де әуестігі бар. Қазір пәтерінің жартысы осындай коллекцияға толы. Оны қария еш нәрсеге айырбастамақ емес.

  • 27 Шiлде 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Атам қазақ мұны «сайтан су» деп жақтырмаса да, осы ащы суға бүгін де көбі құмар-ақ. Ал Валентин Гура бұларды ішу үшін емес, сақтау үшін сатып алады. Өйткені біреуінің де тығыны ашылмаған. Қария алғашқы шөлмекті сонау өткен ғасырдың 63 жылы шетелден әкеліпті. Ал мына сусынды 71 жылы Ресейде сатып алған.

Валентин Гура, коллекционер:

-Мұнда арақ та, коняк та, шарап та, бәрі бар. Әр қайсысы әр кезеңдікі. Қазір көпшілігі өндірілмейді. Соңғысы мына Түркиядан әкелінген сылық.

Мұнда әлемнің түкпір- түкпірінен әкелінген шамамен жүзден астам шөлмек сақталған. Негізі бұдан үш есе көп еді. Алайда біразын бұзылған соң лақтырып тастауға тура келді, дейді коллекция иесі.

Кезінде мұнай саласында машинист болып жұмыс істеген Валентин қарияның автокөлікке де әуестігі бар. Сондықтан болар, мынадай  кішкентай ойыншық машиналар жиюмен де айналысады. Қабырғада Москвич, Волга сынды тұлпарлардан бастап, бүгінгі шетелдік маркілердің еселеп кішрейтілген нұсқалары қаз-қатар тұр.


Валентин Гура, коллекционер:

-Москвичтен бастап жинадым. Бұрын басқа қалаға барған сайын толтырып әкелетінмін. Енді қазір қаладағы ойыншық дүкендерінен жаңа маркасы келген сайын сатып алып отырам. Жалпы алты жүздей көлігім бар.

Қазір зейнетте отырған қарияның осыдан басқа ермегі де жоқ. Енді ол ұшақ түрлерін жинауды қолға алғандығын айтады.

Соңғы жаңалықтар