Ақтау-Қаламқас тас жолының бірнеше жерін су шайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау-Қаламқас тас жолының бірнеше жерін  су шайып кетті

Ақтау-Қаламқас тас жолының бірнеше жерін су шайып кетті

Өткен демалыс күндері Маңғыстау облысында шелектеп құйған жауын да Ақтау-Қаламқас тас жолының бірнеше жерін шайып кеткен.  Соның  салдарынан  екі аралыққа қатынайтын жүк көліктері мен жолаушылар автобустары бірнеше сағат бойы бөгеліп қалды.

  • 28 Маусым 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

Нөсер жауыннан кейін Ақтау-Қаламқас тас жолының 92 шақырымнан 104-ші шақырымындағы аралықта төрт ойпат пайда болған.  Бұл жыраның тереңдігі 6, ені 8-10 метрге дейін жеткен. Көлік тұрмақ, жаяу адам өте алмайтындықтан, мұнда көлік кептелесі орын алды. Кейін айналма жол төселіп, қазір бір бағытта көліктер қатынап жатыр. Опырылып қалған жолды қалпына келтіру жұмыстарының басталғанына үшінші тәулік. Мамандардың айтуынша, дәл осындай жағдай бұрын да бірнеше рет болған көрінеді.


Амангелді Шамшадин, Маңғыстау облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының бастығы
:

— Біз қосымша қаржы сұрағымыз келіп отыр, дәл осы жүз төртінші шақырым жер үш ауыздың тұсы. Теңізге құятын аңғардың тұсы. 2008 жылы да осындай жағдай болған. Онда қалпына келтіргенбіз. Енді жобаға тапсырыс беріп, күрделі жөндеп жасағымыз келеді, соның негізінде көпір салатын шыгармыз деп ойлаймын. 

Соңғы жаңалықтар