Ақтөбе, Астанада болған жарылыстар - Орталық Азияда іріткі тудырушы күштердің ықпалы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе, Астанада болған жарылыстар - Орталық Азияда іріткі тудырушы күштердің ықпалы

Ақтөбе, Астанада болған жарылыстар - Орталық Азияда іріткі тудырушы күштердің ықпалы

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың пікірінше, Ақтөбе мен Астанада болған жарылыстар Орталық Азия аймағына іріткі тудырушы күштердің енуі күшейе бастағанын айғақтайды

  • 27 Мамыр 2011
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Егер бұрын Қазақстан тыныш ел болса, Алматы, Ақтөбе мен Астанада атыс қаруын немесе қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолданумен болған соңғы оқиғалар Орталық Азияда іріткі тудырғысы келетін күштердің енуі күшейе бастағанын көрсетеді», — деп Б.Сұлтанов «Ауғанстан: Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қазір мен келешектің ықпалы» халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Ауғанстандағы жағдайды реттемейінше, Орталық Азиядағы ахуал нашарлай беретінін атап көрсетті.
«Біз бүгінгі таңда, өкінішке орай, Орталық Азияның халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі трафигі, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон белең ала бастаған аймаққа айналуының куәсі болып отырмыз», — дейді Б.Сұлтанов.
Саясаттанушы бұған себеп саяси және экономикалық реформалау үрдісінің аяқталмағаны және Орталық Азия елдерінде күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар