Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 60 жылдық мерейтойы атап өтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 60 жылдық мерейтойы атап өтілуде

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 60 жылдық мерейтойы атап өтілуде

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 60 жылдық мерейтойы атап өтілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Шiлде 2003
  • 941
Фото - Caravan.kz

Мерейтойға орай зауыт басшылығы «Ферроқорытпа өндірісінің қиындықтары мен болашағы» тақырыбында ғылыми-техникалық конференция өткізді . Оған алыс шетелдер мен ТМД елдерінен металлургтар шақырылды.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, мерейтойға орай зауытта 40-жылдан астам жұмыс істеген 60 адамға ақшалай және құнды сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, зауыттың тағы 5 қызметкері 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жанынан құрылған Металлургтер мәдениет үйінің «Даңқ» ұлтаспаптар ансамблі мен «Гүлдер-ай» би ұжымына «Халықтық ұжым» атағы берілді.
Мерейтойға орай Металлургтердің мәдениет үйінде Еңбек даңқы мұражайы ашылды.
Онда зауыт тарихынан хабар беретін фотоматериалдар мен 16 түрлі мұрағат қойылған. Олардың арасында зауыттың озат қызметкерлері туралы өмірбаяндық очерктер мен алғашқы «Комсомолка » атты балқыту пешінің жабдықтары қойылған.

Соңғы жаңалықтар