«Ақтөбе» футбол клубының қатары чех легионерімен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе» футбол клубының қатары чех легионерімен толықты

«Ақтөбе» футбол клубының қатары чех легионерімен толықты

Қазақстан чемпионатының 2011 жылғы қола жүлдегері - «Ақтөбе» футбол клубының қатары чехиялық жартылай қорғаушы Лукаш Байермен толықты.

  • 28 Ақпан 2012
  • 422
Фото - Caravan.kz

Кеше команда басшылығы бұл маусымда Ақтөбеде өнер көрсететін 6 жаңа ойыншымен келісім-шарт жасады.

Команданың Түркиядағы соңғы 2 оқу-жаттығу жиынына қатысқан Л. Байер Чехословакияда 1984 жылы 15 желтоқсанда өмірге келген. Ол бұған дейін өз елінде 2004-2005 жылдары «Атлетик Слован», 2005 жылы «Зноймо», 2006 жылы «Ханака Славия», 2006-2007 жылдары «Доста» және 2008 жылы Голландияның «Хераклес Альмело» командаларында өнер көрсеткен болатын. «Ақтөбеге» ол өзі бір кезде спорттағы мансабын бастаған Оломоуц қаласының «Сигма» командасынан ауысып келді. 2009/2010 жылы Еуропа лигасында 3 матч өткізген Лукаш Байер мергендігімен де көзге түскен еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера