Клуб легионерлерінен ең көп жалақыны Никита Бочаров алады екен — айына 2,5 миллион теңге. Ал ең аз жалақы алатын — Неманья Николич (айына 1 млн теңге).
Ал тізімдегі қазақстандықтардың ішінде Самат Смақов пен Алексей Щеткин көп жалақы алған. Біріншісі айына 6 миллион алып отырса, Алексейдің жалақысы одан үш миллионға көп. Бұл қос футболшының да «Ақтөбеден» кетіп қалғанын ескерсек, Кирилл Шестаковты «Ақтөбеде» ең көп айлық алатын қазақстандық футболшы деуге болады — 2,5 млн теңге. Ақтөбелік футбол мектебінің түлектері Дидар Жалмұқан мен Абат Айымбетовтың жалақылары миллионнан сәл асады.
Ақтөбеліктердің бас бапкері Юрий Уткульбаев болса, айына 3,5 миллион табыс табады.
Назарларыңызға «Ақтөбе» ФК ойыншыларының жалақыларын ұсынамыз: