Ақтөбе іргесіндегі бүтін бір ауыл тұрмыстық техникасыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе іргесіндегі бүтін бір ауыл тұрмыстық техникасыз қалды

Ақтөбе іргесіндегі бүтін бір ауыл тұрмыстық техникасыз қалды

Ақтөбе іргесіндегі бүтін бір ауыл бір сәтте тұрмыстық техникасыз қалды. Түн жарымында электр қуаты шамадан тыс артып, тоққа тығулы тұрған тоңазытқыш, теледидар аталулыны түгел күйдіріп жіберген.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz

Алма Тәженова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Балалардыңана компьютерін, теледидарды,барлығын несиегеалды ғой. Мен өз басым не зейнетақыалмаймын, не жұмыс жасамаймын,несиенінемен төлейді ол бала.

Ақжар ауылының ескірген электр желілері осы күнге дейін жекенің меншігінде болып келген.Қаланың электр желілеріне берілгелі небәрі бір апта болмай жатып ескі сымдар тұйықталып, осындай апат орын алып отыр. Қазір арнайы комиссия үй-үйді аралап, шығын көлемін анықтауда. Жергілікті билік те істен шыққан тұрмыстық техниканың өтемін қайтарамыз деп уәде етіпті. Сондай-ақ ауылдағы электр желілер де толықтай жаңартылатын болды.