Ақтөбе: кәріз құдығында төрт адамнің мәйіті табылды! - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе: кәріз құдығында  төрт адамнің  мәйіті табылды!

Ақтөбе: кәріз құдығында төрт адамнің мәйіті табылды!

Ақтөбеде кәріз құдығында төрт адамның мәйіті табылды. Олар газдан уалынып көз жұмған. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Бірақ жергілікті тұрғындар азаматтардың өліміне «коммуналдық мекеме жауап беру керек»дейді. Айтуларынша, қалдық төгілетін құдықты жабу туралы олар бұған дейін бірнеше мәрте шағымданған. Бірақ құлақ асқан ешкім болмапты.

  • 8 Шiлде 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе қаласының су мен кәріз жүйесіне жауап беретін «Ақбұлақ» компаниясының жұмысшысы көлігінен қалдықтарды төгіп жатқан кезде осы құдыққа құлаған. Оны құтқармақ болған тағы үш адам бірінің артынан бірі құлап, төртеуі де сол жерде жан тәсілім етіпті. Алдын ала болжамға қарағанда, барлығы газдан уланған.

Жергілікті тұрғындар  құдықты көму туралы бірнеше жылдан бері шағымданып келеді. Қолқа жаратын иіс маңайдағы елдің бәрі ығыр еткен. Соңғы бес-алты жылда көрші орналасқан арақ зауытының қалдықтары да осы құдыққа төгіледі екен. Улы газ содан бөлініп жатқан көрінеді. 

Қасқырбай Ермаханов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Бұрын  сазды шалшық болса да,  бұл су еді, адам өлмейтін еді. Кейінгі кезде екіүш адам осында  қайтыс болды. Анаған тек түссе болды,иісінен өледі.

Меруерт Жақсылықова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:


— Е
сіктереземізді аша алмаймыз. Қонақ шақырайын десек,балалардын тойында,  жұртта келмейтін болды. Себебі:  иісқолқаны жарады.

Ал коммуналдық мекеме басшылары  «құдықты жөндедік» деп ақталып әлек.

Амангелді Боранқұлов, «Ақбұлақ» АҚ бас инженерінің міндетін атқарушы:

—  Үш-төрт жыл бұрын сол жерде канализация тұрып қалған,  сорғылау бекеттері жұмыс істемей қалған, құдықтан су аққан  жағдайлар болды. Қазір құдықтардың бәрі көтерілді.  Тұрғындардың жерін 3-4 жыл бұрын дұрыстадық.

Апталдай төрт азаматтың ажалына себепші болған  құдықты коммуналдық мекеме өкілдері дереу көміп тастады. Дегенмен бұл жердегі күлімсі иіс қолқаңды қабады. Жергілікті тұрғындар  оқыс оқиғадан соң тиісті мекемелер кәріз құбырларын реттейді деп үміттенеді. 

Соңғы жаңалықтар