Бүгінде бес ауылдық әкімдікте тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстарды жинау бойынша арнайы жәшіктер орнатылды.
Әкімдердің есептік кездесулеріне қарсаңында келіп түскен барлық проблемалық сұрақтар жергілікті атқарушы билікте оң шешімдерін табады.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен бұған дейін хабарлағандай, Ақтөбенің басшысы Ерхан Омаров 4-8 ақпан аралығында қала тұрғындарымен 5 есептік кездесуді өткізуді жоспарлауда. Ақтөбе қаласының тұрғындарынан сұрақтарды жинау жәшіктері әзірше орнатылған жоқ.