Ақтөбе облыстық бюджетінен денсаулық сақтау нысандарын жабдықтауға 2 млрд. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық бюджетінен денсаулық сақтау нысандарын жабдықтауға 2 млрд. теңге бөлінді

Ақтөбе облыстық бюджетінен денсаулық сақтау нысандарын жабдықтауға 2 млрд. теңге бөлінді

Ақтөбе облыстық бюджетінен денсаулық сақтау нысандарын жабдықтауға 2 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

  • 27 Қараша 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Қаржы «Құрт ауруымен күрес» бағдарламасы бойынша игеріледі. Бұл бап бойынша қаржыландыру шығындар көлемін 40 процентке арттыруды талап етуде. 2004-жылы Қандыағаш, Шалқар және Темір ауылдарында құрт ауруының алдын алу, емдеу және оны анықтау мақсатындағы арнайы ауруханалар ашылады. Ақтөбеде жаңадан облыстық құрт ауруына қарсы диспансер мен «Шағала» атты балалар шипажайының жеке корпусы пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, алдағы 3 жылда Ақтөбе облысында 12 аурухана салу көзделіп отыр. Олардың 11-і аудан орталықтарында салынады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, » қазіргі заманғы құрал-жабдықтар мен дәрілік препараттар сатып алынғандықтан науқастарға кәсіптік жоғары деңгейде дәрігерлік көмек көрсетуге қажетті барлық жағдай жасалды. Мұндай жағдайға 2003-жылы облыстық бюджеттен денсулық сақтау саласын жеткілікті мөлшерде қаржыландыру нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Биыл бұл салаға 400 млн. теңге бөлінді».

Соңғы жаңалықтар