Дәрігерлік көмектен бас тартқан науқастар диспансердің арнаулы бөлімшесіне сот шешімімен жіберіледі. Қазіргі жағдаймен жаңадан ашылған бөлімшеде екі науқас жатыр. Олардың бірі нашақор, екіншісі маскүнемдік салдарынан ауруларын тіптен асқындырып алған. Олардың екеуі де сот шешімімен «қоғамға қауіп төндіреді» деп танылды.
Облыстық құрт ауруына қарсы диспансердің бас дәрігері М.Аманғалидың айтуынша, «2004-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен Ақтөбе облысында бұрынғы түрме тұрғындарының 50-70 проценті , сондай-ақ, нашақорлық пен маскүнемдікке қоса құрт ауруының жұқпалы түрлеріне шалдыққан тағы да осыншама адам емделуден жалтарып жүр. Оларды қоғамнан оқшауламаған жағдайда жылына 8-10 дені сау адамды қатерлі аурудың тырнағына іліктіруі ықтимал».
Жалпы алғанда, Ақтөбе облысы бойынша 5 мыңнан астам адам құрт ауруына шалдыққандар ретінде тіркеуде тұр.