Ақтөбе облыстық диспансерінде құрт ауруына шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық диспансерінде құрт ауруына шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі ашылды

Ақтөбе облыстық диспансерінде құрт ауруына шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі ашылды

Ақтөбе облыстық диспансерінде құрт ауруына шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық құрт ауруына қарсы диспансердің бас дәрігері Мұхамедьяр Аманғали хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 623
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлік көмектен бас тартқан науқастар диспансердің арнаулы бөлімшесіне сот шешімімен жіберіледі. Қазіргі жағдаймен жаңадан ашылған бөлімшеде екі науқас жатыр. Олардың бірі нашақор, екіншісі маскүнемдік салдарынан ауруларын тіптен асқындырып алған. Олардың екеуі де сот шешімімен «қоғамға қауіп төндіреді» деп танылды.

Облыстық құрт ауруына қарсы диспансердің бас дәрігері М.Аманғалидың айтуынша, «2004-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен Ақтөбе облысында бұрынғы түрме тұрғындарының 50-70 проценті , сондай-ақ, нашақорлық пен маскүнемдікке қоса құрт ауруының жұқпалы түрлеріне шалдыққан тағы да осыншама адам емделуден жалтарып жүр. Оларды қоғамнан оқшауламаған жағдайда жылына 8-10 дені сау адамды қатерлі аурудың тырнағына іліктіруі ықтимал».
Жалпы алғанда, Ақтөбе облысы бойынша 5 мыңнан астам адам құрт ауруына шалдыққандар ретінде тіркеуде тұр.

Соңғы жаңалықтар