Ақтөбе облыстық ІІД студент қыздардың төбелесі туралы мақала жазған жергілікті газеттен жоққа шығаруды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 475.09
  • 551.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық ІІД студент қыздардың төбелесі туралы мақала жазған жергілікті газеттен жоққа шығаруды талап етті

Ақтөбе облыстық ІІД студент қыздардың төбелесі туралы мақала жазған жергілікті газеттен жоққа шығаруды талап етті

Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті (ІІД) студент қыздардың төбелесі туралы мақала жазған жергілікті «Диапазон» газетінен жоққа шығаруды талап етпек, деп хабарлайды облыстық ІІД.

  • 17 Қазан 2011
  • 2506
Фото - Caravan.kz

Ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің айтуынша, 13 қазанда «Диапазон» газетінде журналист Асқаром Ақтілеуовтың «40 қыз төбелесті» («40 девушек устроили драку») деген мақаласы жарық көрді.

Ақтөбе облысы ІІД бұл мақала бойынша қызметтік тексеру жүргізді, оның барысында студенттердің арасында топтасып төбелесу фактісі болмағаны анықталды.

«24 қырқүйекте Жұбанов ат. колледждің басшылығы ішкі істер органдарына екі студент қыздың сабаққа келмегені туралы хабарлаған. Олар студенттердің арасында төбелес болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр», — деді А. Иманғалиев.

Бұдан басқа, қақтығыс туралы, дене жарақатын алғаны туралы шағым жазып, полицияға ешкім хабарласпаған. Осыған байланысты бұл факт қуатталған жоқ.

Еске сала кетейік, 13 қазанда Ақтөбедегі «Диапозон» газеті жергілікті екі колледждің студент қыздарының қатысуымен төбелес болғаны туралы жазды. «Жігіт үшін таласқан қыздар төбелескен. Бұл шаруаға ақтөбелік колледждердің 40 студент қызы қатысқан. Куәгерлердің айтуынша, төбелеске Жұбанов ат. университеттің жанындағы колледждің және Байышев ат. колледждің студент қыздары қатысқан. Төбелеске куә болған адамдар полицияға хабарлаған.