5-қыркүйекте «Мартық» кедендік бекеті арқылы өтуге әрекет жасаған «Мерседес» жүк тасушы автокөлігіне тиелген жүктің радиоактивтілік деңгейін тексерген кезде гамма-сәулесінің мөлшері шектеулі шамадан 31 есе артық болып шыққан. Сәуленің күші 620 мкр/сағатты құрады. Жүкті жіберуші Қызылордадағы «Мустанг-2001» ЖШС болса, қабылдап алушы — Литваның Клайпеда қаласындағы «Косма» компаниясы болып табылады.
8-қыркүйек күні кешкісін жүк тиелген көлік Қызылордадағы жүк жіберушінің қолына жетті. Ендігі жерде металлдарды түсіріп, сорттап радиоактивті көзді табу қажет. Қазіргі жағдаймен аталмыш оқиғаның анық-қанығына жету үшін Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті, облыстық СЭС және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өкілдерінен комиссия құрылды.