12-қарашада Ақтөбе облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері компьютерлік бағдарламаларды заңсыз көшіріп басып сатуға қатысты деректі тіркеді. Атап айтсақ, «Қаңтар-С» ЖШС жергілікті мұнай компаниясына қазақ тілін оқып үйренуге арналған CD-дискілерді «қарақшылық» жолмен әзірлеп арнаулы лицензиясыз сатқан. Соның салдарына келген шығын көлемі 5,5 млн. теңгені құрады.
Санаткерлік меншік құқығын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.