Caravan Logo

Ақтөбе облыстық қаржы полициясы департаменті компьютерлік өнімдерді заңсыз көшіріп басу дерегінің бетін ашты

Ақтөбе облыстық қаржы полициясы департаменті компьютерлік өнімдерді заңсыз көшіріп басу дерегінің бетін ашты

12-қарашада Ақтөбе облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері компьютерлік бағдарламаларды заңсыз көшіріп басып сатуға қатысты деректі тіркеді. Атап айтсақ, "Қаңтар-С" ЖШС жергілікті мұнай компаниясына қазақ тілін оқып үйренуге арналған CD-дискілерді "қарақшылық" жолмен әзірлеп арнаулы лицензиясыз сатқан. Соның салдарына келген шығын көлемі 5,5 млн. теңгені құрады.

Санаткерлік меншік құқығын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.