Ақтөбе облыстық құрт ауруымен күрес диспансері Еуропадағы қайта құру және даму банкінің 1 млн. евролық грантына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық құрт ауруымен күрес диспансері Еуропадағы қайта құру және даму банкінің 1 млн. евролық грантына ие болды

Ақтөбе облыстық құрт ауруымен күрес диспансері Еуропадағы қайта құру және даму банкінің 1 млн. евролық грантына ие болды

Ақтөбе облыстық құрт ауруымен күрес диспансері Еуропадағы қайта құру және даму банкінің 1 млн. евролық грантын жеңіп алды. Диспансердің бас дәрігері Аманғали Мұхамбетьярдың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, көмек қазіргі заманғы медициналық аппаратура, флюорографиялық кабинеттің жабдығы , асхана және диспансердің кір жуатын бөлімі түрінде берілмек.

  • 23 Маусым 2003
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бас дәрігердің айтуынша, диспансердегі құрал-жабдықтың әбден тозығы жетіп, қолда бар жалғыз рентген-қондырғысы көшпелі қондырғыға айналдырылған болатын. Сондай-ақ, асхана жабдықтарының тапшылығынан ауруханада емделушілер бірнеше жыл бойы өз палаталарында тамақтанып келді.

А. Мұхамбетьярдың хабарлауынша, алдағы жылы Ақтөбе қаласының іргесінде облыстық құрт ауруынан сауықтыру кешені салына бастайды. Бұл мақсатқа облыстық бюджетте 500 млн. теңге қарастырылып отыр. Бас дәрігердің айтуынша, жаңа сауықтыру кешенінің салынуы арқасында басатапқыда 500 орынға есептелсе де, бүгінде 600 науқасты емдеп отырған құрт ауруына қарсы күрес диспансерінің ауыртпалығы біршама жеңілдейді. Облыстық құрт ауруына қарсы күрес диспансерінде көбінесе Ақтөбе қаласының әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындары емделуде. Науқастардың 30 процентін түрмеден босатылғандар , ішімдікке салынғандар мен есірткі әуесқойлары құрайды.
Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша құрт ауруына шалдыққан 5 мыңдай адам тіркеліп отыр.