Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауы барысында облыстағы 12 ауданның 9-ында электронды дауыс беруге жағдай жасамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауы барысында облыстағы 12 ауданның 9-ында электронды дауыс беруге жағдай жасамақшы

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауы барысында облыстағы 12 ауданның 9-ында электронды дауыс беруге жағдай жасамақшы

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауы барысында облыстағы 12 ауданның 9-ында электронды дауыс беруді қамтамасыз етпекші. Бұл туралы бүгін, 10-тамызда KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаева хабарлады.

  • 10 Тамыз 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, электронды дауыс беруге облыстың бүкіл ауданын бірдей қамти алмау сапалы байланыс желісінің болмауына байланысты. Г.Күнбаеваның пікірінше, бұл электронды дауыс беру барысын «біршама қиындатады». Осыған байланысты облыс орталығынан мейлінше шалғайда орналасқан үш ауданда дауыс беру шарасы қалыптасқан дәстүрге сәйкес қағаз бюллетеньдердің көмегімен жүзеге асырылғалы отыр.

Ал қазір Ақтөбеде сайлаушылардың жеке куәлігіне штрих-кодтар жапсыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бұл үшін облыста 40-тай арнаулы орындар ашылған.
Мәжіліс сайлауына Ақтөбе облысынан 320 мың тұрғын қатысады. Мәжіліс депутаттарын сайлау 19-қыркүйекке белгіленген.

Перейти к новостям спорта