Мектеп ғимараттарының іргетасы отырып, сумен қамтамасыз ету жүйесі істен шығып, су құбыры жүйесі әбден тозығы жетіп, шатырынан су ағу салдарынан оқушылардың білім алуына ешбір жағдай болмай отыр.
Коммуникациялық жүйесі жедел жөндеуді талап етіп тұрған №19 және №10 мектептерге де осындай талап қойылды. Ал №33 және №4 мектептерде құбыр жүйесі мүлдем жоқ болып шықты.
Мемлекеттік тазалық індет бақылауы жөніндегі қызмет мамандарының айтуынша, «қаржының тапшылығынан көптен бері күрделі жөндеуден өтпеген ауыл мектептерінің басым бөлігі апатты жағдайда. Айтеке би ауданындағы үш мектеп те жабылу кезегін күтіп тұр. Бұл мектептердің ғимараттары мүлдем дерлік істен шығудың аз-ақ алдында «.