Ақтөбе облыстық сот төрағасы болып Ерлан Айтжанов тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық сот төрағасы болып Ерлан Айтжанов тағайындалды

Ақтөбе облыстық сот төрағасы болып Ерлан Айтжанов тағайындалды

Ақтөбе облыстық сот төрағасы болып Ерлан Айтжанов тағайындалды, деп облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 939
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы Президентінің 8-маусым 2011 жылғы № 95 Жарлығымен Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов тағайындалды», — делінген хабарда.

«Осы жарлықпен Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы қызметіне Нұрсапа Маханбетұлы Пірмашев тағайындалды. Н. Пірмашев бұған дейін Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметін атқарған», — деп толықтырды облсот баспасөз қызметінің бас маманы Гүлнұр Симатова.

Хабарда айтылғандай, 17 маусым күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен келіп, Ақтөбе облыстық сотының жаңа төрағасын ресми түрде таныстырады.

ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Б. Бекназаровтың Ақтөбе облысына ресми сапары барысында жуырда бой көтерген Ойыл аудандық сотының жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады деп жоспарлануда.

«Аталмыш ғимараттың құрылысы 2010 жылдың сәуір айында қолға алынған болатын. Соттың жаңа ғимараты үш қабатты. Үстіңгі қабатта кодификация, мұрағат бөлмелері және аудандық соттың оқу орталығы орналасқан. Ал екінші қабатта сот төрағасының бөлмесі, қабылдау бөлмесі, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істерді қарауға арналған екі мәжіліс залдары бар. Бірінші қабатта кеңсе, азаматтарды қабылдау бөлмесі орналасқан», — делінген облсоттың баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Соңғы жаңалықтар