Жарылыс салдарынан денесінің 80 проценті күйіп қалған 42 жастағы Ақтөбелік тұрғын 5-қыркүйек күні кешкісін жан тапсырды. 29 және 53 жастағы зардап шеккен басқа екі адам қазір облыстық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалауда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен жұмада «Ақтөбе жылу электр орталығы» АҚ-ның турбина цехында жоғары қысымды жылытқыштың булы бөлігін сынақтан өткізген кезде оның түбі жарылып кеткен. Апат салдарынан үш жұмысшы күйікке шалдығып ауруханаға жеткізілді.
Қазір облыстық еңбек департаментінің қызметкерлері оқыс оқиғаның себептерін тексеріп жатыр. Осыған байлансты құрылған арнайы комиссия 10 күн ішінде оқиғаның мән-жайын анықтауға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті