Ақтөбе облысы 2004-жылы 660 оралман отбасын қабылдауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы 2004-жылы 660 оралман отбасын қабылдауды жоспарлап отыр

Ақтөбе облысы 2004-жылы 660 оралман отбасын қабылдауды жоспарлап отыр

Ақтөбе облысы 2004-жылы 660 оралман отбасын қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық көші-қон және демография басқармасынан хабарлады.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Қаңтардың екінші жартысында парламент мәжілісінің депутаттары мен еліміздің барлық облысының өкілдері оралмандарға көрсетілетін қаржылық көмек мөлшерін бекітеді. ҚР Көші-қон және демография агенттігінің Ақтөбе облыстық басқармасының мамандары қаржыны бөлу құжаттарын әзірлеуді және тарихи отанына кері оралушы азаматтарды қабылдаудың арнайы бағдарлама жобасын жасауды қолға алды.

Қазіргі жағдаймен Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Қытай, Монғолия және Түркияда тұратын қазақтар Қазақстанға қоныс аудару туралы құжаттарға ие болды.
2003-жылдың соңындағы жағдаймен Ақтөбе облысына 4 мыңнан астам оралман көшіп келді.

Соңғы жаңалықтар