Жарияланды: 470

Ақтөбе облысы даму қарқыны жоғары өңір деп танылды

ҚР Президентінің әкімшілігі жүргізген аймақтардың 2010 жылғы даму рейтингісі бойынша Ақтөбе облысы даму қарқыны жоғары өңір деп танылды.

Бұл туралы облыстық мәслихатта сөз алған аймақ басшысы Елеусін Сағындықов мәлім етті. Бұл баға ең негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтитын ресми статистикалық мәліметтерге негізделіп беріліп отыр. Астана қаласы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарымен қатар Ақтөбе облысы даму қарқыны жоғары аймақ болып танылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін