Caravan Logo

Ақтөбе облысы даму қарқыны жоғары өңір деп танылды

	
Ақтөбе облысы даму қарқыны жоғары өңір деп танылды

Бұл туралы облыстық мәслихатта сөз алған аймақ басшысы Елеусін Сағындықов мәлім етті.

Бұл баға ең негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтитын ресми статистикалық мәліметтерге негізделіп беріліп отыр.

Астана қаласы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарымен қатар Ақтөбе облысы даму қарқыны жоғары аймақ болып танылды.