Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Темір ауданы Кеңқияқ ауылының 8 тұрғыны түпкі себебі беймәлім ішек ауруы белгілерімен аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 22-наурызда жатқызылды. Олардың арасында 9-14 жас аралығындағы бес бала бар.
Қазір Кеңқияқта облыстық СЭС-тің мамандары жұмыс істеп жатыр. Зертханалық тексерулер үшін су сынамасы алынды. Науқастар мен олармен қарым-қатынаста болғандарды анықтау үшін қора-жайларды жаппай аралау жұмыстары жүргізілуде.
23-наурыз күнгі жағдаймен, ауруханаға аталмыш ауылдың 24 тұрғыны жатқызылды. Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен ауруханаға жатқызылғандар мен бақылауға алынғандардың денсаулық ахуалы орташа деп бағалануда.