Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тағы да 16 тұрғыны жұқпалы ішек дертімен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тағы да 16 тұрғыны жұқпалы ішек дертімен ауруханаға түсті

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тағы да 16 тұрғыны жұқпалы ішек дертімен ауруханаға түсті

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының тағы да 16 тұрғыны ауыр ішек дертімен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Наурыз 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Темір ауданы Кеңқияқ ауылының 8 тұрғыны түпкі себебі беймәлім ішек ауруы белгілерімен аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 22-наурызда жатқызылды. Олардың арасында 9-14 жас аралығындағы бес бала бар.

Қазір Кеңқияқта облыстық СЭС-тің мамандары жұмыс істеп жатыр. Зертханалық тексерулер үшін су сынамасы алынды. Науқастар мен олармен қарым-қатынаста болғандарды анықтау үшін қора-жайларды жаппай аралау жұмыстары жүргізілуде.
23-наурыз күнгі жағдаймен, ауруханаға аталмыш ауылдың 24 тұрғыны жатқызылды. Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен ауруханаға жатқызылғандар мен бақылауға алынғандардың денсаулық ахуалы орташа деп бағалануда.

Соңғы жаңалықтар