Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының төрт тұрғынына қантышқақ деген диагноз қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының төрт тұрғынына қантышқақ деген диагноз қойылды

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының төрт тұрғынына қантышқақ деген диагноз қойылды

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында іш ауру белгілерімен ауруханаға түскен 36 адамның төртеуіне қантышқақ, ал қалғандарына энтероколит деген диагноз қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мемлекеттік санитарлық қадағалау қызметінің Ақтөбе облыстық басқармасы бастығының орынбасары Тимур Сукашев хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 1365
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Темір аудандық ауруханасына жатқызылған науқастардың денсаулық ахуалын облыстан арнайы келген жұқпалы аурулар дәрігерлері бақылауға алды.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, 12-наурызда Кеңқияқ ауылының су құбыры жүйесінде болған апаттан кейін іші ауыру, құсқы келу және дене қызуы көтерілу тәрізді белгілермен 57 адам аудандық аурухананың көмегіне жүгінген. Олардың 36-сы ауруханаға жатқызылса, қалғандары тұрғылықты жерлері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды.
Қазір жұқпалы ауру ошағында облыстық СЭС, денсаулық сақтау департаменті мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары жұмыс істеп жатыр. Ауыз судың 15 сынамасы бактериологиялық зерттеуге жіберілді. Тексерулер қорытындысы көрсеткеніндей, 7 сынама бойынша су құрамы санитарлық талаптарға сай болмай шыққан. Әзірге ауыл тұрғындары Көкжиде су жинаушы қондырғысынан тасымалданатын суды тұтынып отыр. «Су құбыры мен канализациялық жүйедегі апат салдарын жою жұмыстары бүгін аяқталуы тиіс, бұдан кейін құбырларды жуу және суды залалсыздандыру жұмыстары жүзеге асырылады»,- дейді Т.Сукашев.
Ауылда барлығы 5 мыңдай адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар