Өлген азамат хиджап киген екі әйелмен бірлесе қару-жарақ, оқ-дәрі және бір жарым миллион теңгені ауласындағы құдыққа көміп жатқан кезінде үйіне полицейлер келіп қалған. Бірақ сақалды жігіт тәртіп сақшыларына бағынғысы келмеген. Сол мезетте табельді тапаншадан атылған оқ жамбасына тиіп, қатты жарақаттанған. Ауруханаға барудан бас тартқан азамат көп қан жоғалтып, өз үйінде көз жұмды.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
— Қарсылық көрсетіп, «Аллах акбар!»деп айқайлап, ішінен белгісіз зат салынған пакетті лақтырады. Және осы әрекеттен соң қашып кетпек болады. Полиция қызметкерлеріне қарай лақтырған пакеттен бос патронтаж тәркіленді.