Ақтөбе облысы: күдіктілердің бірінің інісі полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы: күдіктілердің бірінің інісі полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты

Ақтөбе облысы: күдіктілердің бірінің інісі полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты

Бірер сағат бұрын Ақтөбе облысында орын алған  жағдайға байланысты іс  бойынша іздеуде жүрген басты күдіктілердің бірі Бектемір Оразовтың 26 жастағы бауыры полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты. Ол үйіне арнайы тексеруге келген тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.

  • 5 Шiлде 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

 Өлген азамат хиджап киген екі әйелмен бірлесе қару-жарақ, оқ-дәрі және бір жарым миллион теңгені ауласындағы құдыққа көміп жатқан кезінде үйіне полицейлер келіп қалған. Бірақ сақалды жігіт тәртіп сақшыларына бағынғысы келмеген. Сол мезетте табельді тапаншадан атылған оқ жамбасына тиіп, қатты жарақаттанған. Ауруханаға барудан бас тартқан азамат көп қан жоғалтып, өз үйінде көз жұмды.


Ерболат Сар
құлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

— Қарсылық көрсетіп, «Аллах акбардеп айқайлап, ішінен белгісіз зат салынған пакетті лақтырады. Және осы әрекеттен соң қашып кетпек болады. Полиция қызметкерлеріне қарай лақтырған пакеттен бос патронтаж   тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар