Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы бір отбасында үш егіз нәресте дүниеге келіп, отбасына бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер көрсетілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы бір отбасында  үш егіз нәресте дүниеге келіп, отбасына бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер көрсетілетін болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы бір отбасында үш егіз нәресте дүниеге келіп, отбасына бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер көрсетілетін болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Нұрлан Сейітқамалов осында үш бірдей егіз нәрестені дүниеге әкелген Нұрбаевтар отбасына бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер көрсетуге әуде берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Ақпан 2004
  • 638
Фото - Caravan.kz

19-ақпанда аудан орталығы — Қандыағаш қаласының тұрғыны Мейрамгүл Нұрбаева салмақтары 2 килоны құрайтын торсық шеке екі ұл мен бір қыз баланы дүниеге әкелді. Әйел өзінің үш бірдей егіз бала көтеріп жүргенінен бейхабар болған.

Нұрлан Сейітқамаловтың айтуынша, Мұғалжар ауданында бұрын-соңды үш егіз туылмаған. Осыған байланысты әкімшілік жас ата-ананы айрықша қамқорлыққа алуға шешім қабылдады. » 10 ай мерзіммен коммуналдық қызметтер төлемінен босатумен бірге Нұрбаевтар отбасы үшін балалардың бағым-күтіміне қолғабыс жасайтын әлеуметтік қызметкер тағайындамақпыз»,- деді әкім. Аудандық әлеуметтік қорғау қызметі отбасының тұрғын үй ахуалын тексеріп көреді. «Қажетті жағдайда отбасына жеке пәтер бөлінеді»,- деп сендірді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар