Ақтөбе облысы: жарақаттанған арнайы жасақ жауынгерлерінің жағдайы бір қалыпты
Ақтөбе облысында Шұбаршы кентінде жүргізілген арнайы операцияда жарақаттанған жауынгерлердің жағдайы тұрақтанды, деп облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәубет Келімбердиев мәлім етті. |
«Екеуінің сүйектері сынған, оқтан жарақат алған. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық деп бағалануда. Олар палаталарға ауыстырылып, қажет емдерін алып жатыр», - деді С. Келімбетов бейсенбі күні агенттікке.
Оның айтуынша, оқ жанамалап тиген үшінші жауынгер ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген соң, ол үйіне қайтарылды.
Жаралылар тәулік бойына, арнайы жасақ жауынгерлерінің күзетінде.
Бұрын хабарланғандай, 30 маусымда 20:00 сағаттаТемір АІІБ Кеңқияқ кентінің полиция бөлімінің (КПБ) патрульдік қызметінің сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев УАЗ а втокөлігімен Шұбаршы кентінде патрульдік қызметке кіріскен.
4 сағат өткен соң полицияның кенттегі бекетінің маңында А. Мамбетов деген азаматқа тиесілі MitsubishiDelicaавтокөлігінен патрульдік полиция машинасына шабуыл жасалып, полиция қызметкерлерін арқасынан атып кеткен. Полицейлер оқиға орнында қаза болды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кешегі жексенбіде полицейлерді өлтірген деген күдіктелгендерді ұстау барысында арнайы жасақ жауынгері қаза тауып, тағы үшеуі жарақаттанды. Облыс полицейлері адам өлтіргендер туралы ақпарат бергендерге $100 мың мөлшеріндегі сыйақы тағайындағанын хабарлады.
Аса ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен алты күдікті іздестірілуде. Олар: Темір ауданының Шұбаршы кентінің тумалары, ағайынды Мамбетовтер – 25 жасар Ақылбек пен 27 жасар Тоқтарбек, 22 жасар Бектемір Оразов, 43 жасар Қуаныш Әлімбетов.
Сондай-ақ полицейлердің өліміне қатысы бар деп күдіктелетіндер арасында Темір ауданы Кеңқияқ кентінің 23 жасар тұрғыны Мирас Қаражанов, Темір ауданы Сарыкөл кентінің 23 жасар тұрғыны Айбек Жұмағазин бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін