Ақтөбе облысын дүрліктірген қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру қиынға соғуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысын дүрліктірген қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру қиынға соғуда

Ақтөбе облысын дүрліктірген қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру қиынға соғуда

Ақтөбе облысын дүрліктірген қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру қиынға соғуда. Жергілікті полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қашқындарды құрықтауда көрсетілетін көмек үшін 100 мың доллар сыйақының тағайындалғаны мәлім. Осыған байланысты кезекші бөлімге хабарласып жатқандардың саны да көбейген.

  • 6 Шiлде 2011
  • 541
Фото - Caravan.kz

Алайда қолға алынған іс-шараларға қарамастан, қарулы топты ұстау мүмкін болмай отыр. Өкінішке  қарай, олардың қолынан 6 тәртіп сақшысы зардап шекті. Үшеуі мерт болып, қалғандары жарақат алған. Қаскөйлерді ұстауға ішкі істер органдарымен бірге әскерилер де жұмылдырылған. Министрдің айтуынша, қиындықтар баршылық.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:


— Бұл аумақ табиғи жағынан да аса күрделі. Біз қамыс өсіп тұрған 27 шақырымдай жерді қарап  шықтық. Енді құм дала басталды. Онда иесіз қалған ауылшаруашылық нысандары, түрлі қоралар өте көп. Қашқындар жергілікті тұрғындар, және сол аумақты  бізден жақсы біледі. Дегенмен қазір тұтастай тексеру жүргізудеміз.

Соңғы жаңалықтар